Бүгін Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және заңға құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған «Құқықтық тәртіп әліппесі» атты ауқымды профилактикалық акциясы өткізілді.
Іс-шара Ашық есік күні форматында ұйымдастырылып, оған Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері қатысты.
Акция Ақмола облысының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп өткізілді.
«Жасыл» ел жасағының мүшелері мен Көкшетау қаласының еріктілеріне үшін тақырыптық алаңдар ұйымдастырылып, онда арнайы техника, авариялық-құтқару құралдары, криминалистикалық жабдықтар таныстырылды. Сондай-ақ әрбір қызметтің ерекшелігі, күнделікті атқаратын міндеттері мен мамандыққа қойылатын талаптар туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Қатысушылар көрсетілімдерге, заманауи техникамен танысуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қызмет ететін мамандармен тікелей сұхбаттасуға ерекше қызығушылық танытты.
Ақмола облысының прокуратурасы

