Соңғы жылдары Наурыз мейрамы қарсаңында, яғни 18 наурыз күні Ұлттық киім күні ретінде аталып өтуде. Жыл сайынғы дәстүрге сай Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінде жоғары сынып оқушылары арасында «Ұлттық киімдер – халық даналығы» атты қалалық дефиле-байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – ұлттық дәстүрлерді насихаттау, эстетикалық талғам мен сахналық өнерді дамыту, сондай-ақ шығармашылық қабілеті жоғары жастарды анықтау.
Байқауға қатысқан 11 үміткердің алдында өздері туралы үш минуттық бейнеролик дайындап, қызыл кілем үстінде ұлттық киім үлгісін көрсету міндеті тұрды.
Тәуелсіз қазылар алқасының құрамына танымал суретшілер, өнер қайраткерлері, педагогтер және қалалық білім бөлімінің қызметкерлері енді.
Байқау қорытындысы бойынша Гран-при иегеріне диадема мен лента табысталып, бұл атаққа №6 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Игенбай Амина Талапқызы лайық деп танылды.
Бірінші орынды № 20 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Шаймұрат Әмина Қанатқызы иеленді.
Екінші орынды екі қатысушы бөлісті: №2 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Кизатова Сымбат Артуровна мен Красный Яр № 3 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Бостандық Гүлжазира Берекетқызы
Үшінші орын жүлдегері атанған қатысушылар: №5 мектеп-гимназиясының 10 -сынып оқушысы Кайрат Сымбат Тимуркызы, №6 мектеп- лицейінің 10 -сынып оқушысы Сапарбек Милана Айдынқызы және №19 жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрлан Нурай Жасұланқызы
Қалған төрт қатысушы түрлі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды. Іс-шараның бас демеушісі – қалалық мәслихат депутаты Фаим Джумабеков.
Наше сообщество в Одноклассниках. Вступай!
В последние годы в преддверии Наурыз-мейрамы 18 марта отмечается как День национальной одежды. По ежегодной традиции в школе-лицее №6 г.Кокшетау прошел городской конкурс-дефиле среди старшеклассниц под названием «Ұлттық киімдер — халық даналығы».
Цель конкурса – пропаганда народных традиций, развитие эстетического вкуса и сценического искусства, выявление творчески одаренной молодежи.Перед 11 конкурсантками стояла задача подготовить трехминутный видеоролик о себе и продемонстрировать на красной дорожке свой костюм.
В состав независимого жюри вошли известные художники, деятели искусства, педагоги, работники городского отдела образования.
По итогам конкурса диадему и ленту обладательницы Гран-при получила ученица 10 класса ШЛ №6 Игенбай Амина Талапқызы
Первое место заняла ученица 10 класса ШГ № 20 Шаймұрат Әмина Қанатқызы
Второе место разделили две участницы — ученица 11 класса
ШЛ №2 Кизатова Сымбат Артуровна и ученица 9 класса
КШГ № 3 Бостандық Гүлжазира Берекетқызы
Бронзовыми призерами стали: ученица 10 класса МГ №5 «Таңдау» Кайрат Сымбат Тимуркызы, ученица 10 класса ШЛ №6
Сапарбек Милана Айдынқызы и ученица 9 класса СШ №19 Нұрлан Нурай Жасұланқызы
Остальные четыре участницы получили дипломы по номинациям.
Главный спонсор мероприятия – депутат гормаслихата Фаим Джумабеков.

