29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 15 марта

Ақмола облысында кітап және қолөнер жәрмеңкелері ұйымдастырылды

Ақмола облысының бірқатар аудандарында дауыс беру күні тұрғындар мен қонақтар үшін кітап және қолөнер жәрмеңкелері, сондай-ақ қолданбалы өнер көрмелері ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұлттық мәдениетті насихаттауға және жергілікті шеберлерді қолдауға бағытталған.

Жарқайың ауданында Державинск қаласындағы №483, №484, №485 және №486 сайлау учаскелерінде кітап және қолөнер жәрмеңкелері өткізілуде. Келушілер түрлі әдебиеттермен танысып, көркем және танымдық кітаптарды сатып алуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар жәрмеңкеде халық шеберлерінің бұйымдары, кәдесыйлар мен жергілікті қолөнершілердің қолмен жасаған әртүрлі сәндік және тұрмыстық бұйымдары ұсынылған.

Буланды ауданында Макинск қаласындағы №277 сайлау учаскесінде де қолданбалы өнердің кітап және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ұлттық тұрмыстық бұйымдар, тақырыптық суреттер және қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін бейнелейтін басқа да туындылар қойылған.

Осындай жәрмеңкелер Атбасар ауданында (Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 26В, №234 учаске) және Целиноград ауданында – Ақмол, Нұресіл, Қабанбай батыр, Тасты, Родина және Софиевка ауылдарында да өтуде. Іс-шаралар сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.

Кітап және қолөнер жәрмеңкелері шығармашылық пен мәдениетті дәріптеп, жергілікті авторлар мен шеберлердің еңбегін танытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрғындарға сапалы әрі ерекше қолөнер бұйымдарын сатып алуға жағдай жасайды.
Наше сообщество в Одноклассниках. Вступай!
В ряде районов Акмолинской области в день голосования для жителей и гостей организованы книжные и ремесленные ярмарки, а также выставки прикладного искусства. Инициатива направлена на создание праздничной и творческой атмосферы, поддержку местных мастеров и популяризацию национальной культуры.

Так, в Жаркаинском районе в городе Державинск на избирательных участках №483, 484, 485 и 486 проходят книжные и ремесленные ярмарки. Посетители могут ознакомиться с разнообразной книжной продукцией, приобрести художественную и познавательную литературу, а также изделия народных мастеров. На ярмарке представлены сувениры, декоративные изделия и различные предметы ручной работы, изготовленные местными ремесленниками.

В Буландынском районе в городе Макинск на избирательном участке №277 также организована книжная и ремесленная выставка прикладного искусства. На экспозиции представлены предметы национальной утвари, тематические картины и другие изделия, отражающие традиции и культуру казахстанского народа.

Подобные мероприятия проходят и в Атбасарском районе (г. Атбасар, ул. Агыбай батыра, 26В, участок №234), а также в Целиноградском районе — в селах Акмол, Нуресиль, Кабанбай батыра, Тасты, Родина и Софиевка. Ярмарки работают с 07:00 до 20:00 часов.

Книжные и ремесленные ярмарки создают атмосферу творчества и праздника, способствуют поддержке местных авторов и мастеров, а также дают возможность жителям приобрести уникальные и качественные изделия.