Председатель Федерации профсоюзов Республики Казахстан Сатыбалды Даулеталин на 10-м заседании Конституционной комиссии подчеркнул, что работа над проектом новой Конституции с самого начала велась с осознанием ее долгосрочного влияния на общество и жизнь каждого человека.
Он отметил, что для профсоюзного сообщества принципиальным было обеспечить открытость процесса и вовлеченность широких слоев работающего населения, а не ограничиваться обсуждением в узком экспертном кругу.
Для меня, как представителя около двух миллионов членов профсоюзов, было принципиально важно, чтобы обсуждение этого документа не ограничивалось рамками комиссии и экспертной среды
– отметил Сатыбалды Даулеталин.
В ходе обсуждений в регионах и трудовых коллективах, по его словам, поднимались вопросы, напрямую связанные с повседневной жизнью людей труда.
Это был живой, иногда жесткий, но честный разговор. Люди говорили о безопасности труда, о будущем своих детей. Федерация профсоюзов поддержала проект новой Конституции. Потому что он во многом совпал с тем, что мы слышим от людей труда
– добавил спикер.
Отдельное внимание в выступлении было уделено социальному характеру государства и закреплению человека как высшей ценности, что, по мнению главы Федерации профсоюзов, является ключевым ориентиром для всех государственных решений.
Уже в первой статье Казахстан закреплен как социальное государство, а высшей ценностью названы человек, его жизнь, права и свободы. Для наемного работника это важнейший сигнал. Государство выстраивается не вокруг цифр и отчетов, а вокруг человека, который работает, создает продукт и обеспечивает устойчивость страны
– отметил Сатыбалды Даулеталин.
Говоря о трудовых правах, Сатыбалды Даулеталин отметил качественное изменение подхода государства к сфере занятости и ответственности за условия труда в период экономических и технологических трансформаций.
Труд признается не личным риском человека, а основой достойной жизни. Еще один ключевой блок – это солидарность. Здесь она возвращается в свой настоящий смысл. Солидарность государства, бизнеса и труда. Не перекладывание рисков на работников. Не односторонняя ответственность. А честный баланс интересов, где государство является активным участником и берет на себя ответственность за условия жизни людей. Для работника это прежде всего уверенность в завтрашнем дне
– заявил спикер.
Завершая выступление, он подчеркнул значение солидарности и общественного участия как инструментов устойчивого развития и выразил благодарность членам Конституционной комиссии за открытый и содержательный диалог.
Наше сообщество в Одноклассниках. Вступай!
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссияның 10-отырысында жаңа Ата Заң жобасы әу бастан-ақ оның қоғамға және әрбір азаматтың өміріне ұзақ мерзімді әсері ескеріле отырып әзірленгенін алға тартты.
Оның айтуынша, кәсіподақтар үшін бұл үдерістің ашықтығын қамтамасыз ету, талқылауға жұмыс істейтін халықты тұтастай тартудың маңызы ерекше.
Кәсіподақтардың шамамен екі миллион мүшесінің өкілі ретінде бұл құжатты талқылау комиссия мен сарапшылар ортасының аясында ғана қалмауы мен үшін аса маңызды болды
– деді Сатыбалды Дәулеталин.
Өңірлерде және еңбек ұжымдарында өткен талқылаулар барысында адал еңбек етіп жүрген адамдардың күнделікті өміріне тікелей қатысты мәселелер көтерілген.
Талқылау азаматтармен бетпе-бет, кейде қызу пікірталас түрінде, бірақ шынайы әңгіме сипатында өтті. Адамдар еңбек қауіпсіздігі, балаларының болашағы туралы айтты. Кәсіподақтар федерациясы жаңа Конституция жобасын қолдады. Себебі ол көп жағдайда біз еңбек адамдарынан естіп отырған ой-пікірлермен сәйкес келді
– деп толықтырды спикер.
Өз сөзінде ол әлеуметтік мемлекет қағидатына және адамның ең жоғары құндылық ретінде бекітілуіне де назар аударды. Кәсіподақтар федерациясы төрағасының пікірінше, бұл – мемлекеттік шешімдер үшін негізгі бағдар.
Алғашқы баптың өзінде-ақ Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде айқындалып, ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары аталады. Жалдамалы жұмыскер үшін бұл – аса маңызды белгі. Мемлекет енді сандар мен есептердің айналасында емес, еңбек етіп, өнім өндіретін, еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз ететін адамдар айналасында құрылады
– деді Сатыбалды Дәулеталин.
Еңбек құқықтары туралы айта келе, Сатыбалды Дәулеталин экономикалық және технологиялық өзгерістер кезеңінде жұмыспен қамту саласына және еңбек жағдайларына мемлекет жауапкершілігінің сапалық тұрғыдан өзгергеніне тоқталды.
Еңбек адамның жеке тәуекелі ретінде емес, лайықты өмірдің негізі ретінде мойындалады. Тағы бір маңызды бағыт – ынтымақтастық қағидаты. Мұнда ол өзінің нағыз шынайы мәніне қайта оралады. Бұл – мемлекет, бизнес және еңбек арасындағы ынтымақтастық. Тәуекелді жұмыскердің мойнына іле салу емес. Біржақты жауапкершілік те емес. Бұл – мемлекет белсенді қатысушы бола отырып, адамдардың тұрмыс жағдайына жауапкершілік алатын мүдделердің әділ теңгерімі. Жұмысшы үшін бұл, ең алдымен, ертеңгі күнге деген сенім
– деп мәлімдеді спикер.
Сөз соңында Сатыбалды Дәулеталин ауызбіршілік пен қоғамның бір кісідей атсалысуы тұрақты дамудың негізгі тетігі екенін тағы еске салды. Сондай-ақ, Конституциялық комиссия мүшелеріне ашық әрі мазмұнды диалог үшін алғыс айтты.

