29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Вторник, 16 декабря

@KZgovernment

Исполнение поручений Президента: Правительство подводит итоги развития отрасли энергетики за 2025 год

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды.

2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Astana Hub алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, энергетика саласын дамыту мәселелерін талқылауда.

Есепті кезеңде Үкімет Мемлекет басшысының бастамасымен мұнай-газ секторын, жанар-жағармай материалдары нарығын және мұнай өңдеуді қамтитын ауқымды реформаларды жүзеге асыру ісін жалғастырды.

Мұнай-газ саласындағы жылдың басты оқиғасы Теңіз кен орнындағы болашақ кеңейту жобасының толық аяқталуы болды. Зауыттың үшінші буынын пайдалануға беру мұнай өндірудің жылына 12 млн тоннаға өсуін қамтамасыз етті, бұл экспорттық кірістің тұрақты көзін қалыптастырады және ұлттық экономиканың әлеуетін арттырады.

ЖЖМ ішкі нарығын реттеу саласында бағаны қолдан басқарудан нарықтық тетіктерге көшу жүзеге асырылды. Қабылданған шаралар нарықты тұрақтандыруға, оны отынмен қанықтыруға және тапшылық қаупін азайтуға мүмкіндік берді.

2025 жылы қуаттылықты арттыру, өнім сапасын арттыру және ғылыми-технологиялық шешімдерді енгізу қағидаттарына негізделген мұнай өңдеу саласын дамытудың 2040 жылға дейінгі ұзақмерзімді өндірістік бағдарлары бекітілді.

Нысаналы көрсеткіш жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту және қуаты жылына 10 млн тоннаға дейін жететін жаңа МӨЗ жобасын жүзеге асыру есебінен мұнай өңдеу көлемін жылына 18 млн-нан 39 млн тоннаға дейін арттыруды көздейді

— деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

В рамках подведения итогов деятельности Правительства в 2025 году на площадке Astana Hub проходит встреча министра энергетики Ерлана Аккенженова с представителями средств массовой информации, посвященная развитию энергетической отрасли.

В текущем году завершена модернизация завода CaspiBitum, в результате которой мощность предприятия увеличена до 1,5 млн тонн нефти в год, а производство битума – до 750 тыс. тонн в год.

Продолжается работа по расширению Шымкентского, Атырауского и Павлодарского нефтеперерабатывающих заводов, а также по привлечению потенциальных инвесторов для строительства нового НПЗ.

Отдельное внимание уделяется экологической повестке и технологическому развитию отрасли. В рамках стратегии углеродной нейтральности закрепляется переход на экологические стандарты нефтепродуктов К5+. Техническая модернизация НПЗ позволит увеличить глубину переработки нефти до 94% и интегрировать нефтепереработку с нефтехимией для выпуска продукции с высокой добавленной стоимостью.

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда 2025 жылы үш жаңа газ кен орны пайдалануға берілді

Үкімет жұмысының 2025 жылғы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы барысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мемлекет басшысының елдің ресурстық базасын нығайту және газ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар етті.

Ведомство басшысы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті Президент белгілеп берген стратегиялық приоритет болып қала беретінін атап өтті. Есепті кезеңде Қайыргелді, Тұзкөл және Тасболат жаңа үш газ кен орыны пайдалануға берілген. Тасболат кен орнын іске қосу Маңғыстаудағы Қазақ газ өңдеу зауытының қуатын толықтыруға мүмкіндік берді.

Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году

В ходе пресс-конференции по итогам работы Правительства в 2025 году министр энергетики Ерлан Аккенженов проинформировал о ходе исполнения поручений Главы государства по укреплению ресурсной базы страны и развитию газовой инфраструктуры.

Глава ведомства отметил, что обеспечение энергетической безопасности остается стратегическим приоритетом, обозначенным Президентом. В отчетном периоде в эксплуатацию введены трех новых газовых месторождения: Хайркелди, Тузколь и Тасбулат. В частности, ввод месторождения Тасбулат позволил дозагрузить производственные мощности Казахского газоперерабатывающего завода в Мангистауской области.

350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Правительства в области энергетики

В рамках серии итоговых пресс-конференций Правительства министр энергетики Ерлан Аккенженов доложил о результатах исполнения поручений Президента по газификации населенных пунктов.

Он сообщил, что реализация задач, поставленных Главой государства по модернизации инфраструктуры, позволила увеличить охват потребителей услугами газоснабжения.

В части газификации населения уровень охвата природным газом достиг 64,2%. В 2025 году газом обеспечены 350 тыс. человек в 95 населенных пунктах. На эти цели направлено более 112 млрд тенге

— отметил Ерлан Аккенженов.

Работа охватила практически всю республику. Так, в Акмолинской области газифицированы город-спутник Косшы с населением свыше 100 тыс. человек и село Талапкер. В столице уровень охвата приблизился к 97%, до конца года завершатся работы в микрорайоне Уркер.

В Туркестанской области в рамках исполнения поручений по развитию южных регионов реализованы проекты на сумму более 10 млрд тенге, что позволило получить доступ к газу порядка 100 тыс. жителей. В области Жетісу введен в эксплуатацию магистральный газопровод «Талдыкорган – Ушарал» протяженностью 300 км. Строительство подводящих сетей продолжается в Жамбылской области.

На западе страны начаты работы по строительству газопровода «Ростоши – Тайпак» для решения вопроса газоснабжения Акжаикского и Теректинского районов Западно-Казахстанской области.

Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы жұмысының қорытындысы

Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Президенттің елді мекендерді газбен қамту жөніндегі тапсырмаларын орындау нәтижелері туралы баяндады.

Ол Мемлекет басшысының инфрақұрылымды жаңғырту бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру тұтынушыларды газбен жабдықтау қызметтерімен қамтуды арттыруға мүмкіндік бергенін айтты.

Халықты газбен қамту бойынша Мемлекет басшысы тапсырған әлеуметтік міндеттер жүйелі түрде шешілуде. Табиғи газ шалғай өңірлердің тұрғындары үшін қолжетімді игілікке айналып, елдегі газбен қамту деңгейі 64,2%-ға жетті. 2025 жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді. Бұл мақсаттарға 112 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

— деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жыл қорытындысын шығаруда: Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 12%-ға ұлғайды

Қазақстан Республикасының энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің БАҚ өкілдерімен кездесуі аясында Үкіметтің 2025 жылғы терең өңдеу және мұнай-газ химиясы секторындағы жұмысының қорытындысы шығарылды.

Мұнай-газ химиясы саласында экономиканың шикізатқа тәуелділігін әртараптандыруға және төмендетуге арналған дәйекті бағыт жүзеге асырылуда. Отандық мұнай-газ химиясы тұрақты екі таңбалы өсім қарқынын көрсетіп отыр және шикізат емес экспорттың негізгі драйверлерінің бірі ретінде қалыптасуда.

Мұнай-газ химиясындағы өнім өндірісінің көлемі 12%-ға өсті. Қазақстан терең өңделген полипропилен, бензол және параксилол сынды өнімдерді сыртқы нарықтарға жүйелі түрде жеткізуді бастады

— деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Саланың стратегиялық дамуы ауқымды құрылыс кезеңімен тығыз байланысты. Елімізде әлемдік деңгейдегі ерекше мұнай-химиялық кешендер салынып жатыр. Атырау облысында полиэтилен зауытының болашақ пиролиз қондырғысының құрылысы 30%-дан астамына орындалды. Павлодарда алкилат шығаратын кәсіпорынның құрылысы басталды