В областном центре Акмолинской области реализован городской проект по формированию единого общественного пространства «Көк Шалғын». Его открытие приурочено к Международному дню пожилых людей. Проект был представлен Главе государства в ходе его визита в Кокшетау.
По словам акима Акмолинской области Марата Ахметжанова, при разработке концепции был учтён успешный опыт столицы и зарубежных стран, где аналогичные проекты задали высокий стандарт качества городской среды и стали центрами притяжения для жителей.
Проект создан по поручению Главы государства по разработке единой концепции развития общественных пространств. Мы стремились внедрять современные технологии, архитектурные решения и элементы общественной безопасности. Особое внимание уделено озеленению — высаживались исключительно многолетние растения. Продумано и освещение: использован мягкий, теплый свет, не раздражающий и не ослепляющий глаза. Работа по благоустройству города будет продолжена. На следующий год запланированы масштабные проекты: продолжится строительство набережной вдоль озера Копа, начнется комплексное благоустройство микрорайона Сарыарка, а также возведение нового стадиона международного уровня
— рассказал Марат Ахметжанов.
В честь открытия «Көк шалғын» для горожан сегодня предусмотрены различные мероприятия – спортивные состязания, выступления творческих коллективов, массовый вальс с участием 100 пар, театрализованные представления и фестиваль «Шай ішейік», где установлен рекорд по разливу чая на тысячу человек.
Новый парк протяжённостью три километра берёт своё начало от мемориального комплекса «Вечный огонь» и ведёт к побережью озера Копа, переходя в набережную «Жағалау». Основой проекта стало объединение ключевых городских локаций – Парка Вечного огня, Аллеи Славы, Площади Независимости и улицы Сагдиева – в единый туристический маршрут с общим архитектурным и дизайнерским стилем.
Аллея благоустроена для пеших прогулок и полноценного отдыха: здесь высажены многолетние сорта деревьев – 96 туранг, 391 сосна и ель, 124 липы, а также кустарники и многолетние цветы. Установлены удобные скамейки, детские игровые площадки, а также 4 декоративных фонтана. Всего проведено благоустройство и озеленение территории площадью 7,5 гектара.
Также инфраструктура общественного пространства включает 246 фонарей, 12 спортивных и детских площадок.
Проект «Көк шалғын» стал символом нового Кокшетау – зелёного, современного и комфортного города, открытого для каждого жителя и гостя.
Наша страница в Фейсбук! Подпишись!
Ақмола облысының орталығында «Көк шалғын» атты бірыңғай қоғамдық кеңістікті қалыптастыруға бағытталған қалалық жоба жүзеге асырылды. Оның ашылуы Халықаралық қарттар күніне орайластырылды. Жоба Мемлекет басшысының Көкшетауға сапары барысында таныстырылды.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, концепцияны әзірлеу кезінде елорда мен шетелдердің озық тәжірибесі ескерілді. Мұндай жобалар қалалық орта сапасының жоғары стандартын қалыптастырып, тұрғындар үшін тартымды орталықтарға айналған.
Жоба Мемлекет басшысының қоғамдық кеңістіктерді дамытуға арналған бірыңғай концепция әзірлеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес жасалды. Біз заманауи технологиялар мен сәулеттік шешімдерді, қоғамдық қауіпсіздік элементтерін енгізуге ұмтылдық. Көріктендіруге ерекше көңіл бөлінді – тек көпжылдық өсімдіктер отырғызылды. Жарықтандыру да ойластырылған: көзді шаршатпайтын, жайлы жылы жарық қолданылды. Қаланы абаттандыру жұмыстары жалғасын табады. Келесі жылға ауқымды жобалар жоспарланған: Көпе көлінің жағалауын абаттандыру жалғасады, «Сарыарқа» шағынауданы кешенді түрде көріктендіріліп, халықаралық деңгейдегі жаңа стадионның құрылысы басталады
– деді Марат Ахметжанов.
«Көк шалғынның» ашылуына орай қала тұрғындары үшін түрлі шаралар ұйымдастырылды – спорттық сайыстар, өнер ұжымдарының концерттері, 100 жұп қатысқан жаппай вальс, театрландырылған қойылымдар және мың адамға шай құю бойынша рекорд орнатылған «Шай ішейік» фестивалі.
Ұзындығы үш шақырымға созылған жаңа парк «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінен басталып, Көпе көлінің жағалауына дейін жетіп, «Жағалау» набережнаясына жалғасады. Жобаның негізі – қаланың негізгі орындарын: Мәңгілік алау саябағын, Даңқ аллеясын, Тәуелсіздік алаңын және Сәғдиев көшесін бірыңғай сәулеттік және дизайнерлік стильдегі туристік маршрутқа біріктіру.
Аллея жаяу серуендеуге және толыққанды демалысқа ыңғайлы етіп жасақталған: мұнда 96 тораңғы, 391 қарағай мен шырша, 124 жөке ағашы, сондай-ақ бұталар мен көпжылдық гүлдер отырғызылды. Ыңғайлы орындықтар, балалар ойын алаңдары және 4 сәндік субұрқақ орнатылды. Барлығы 7,5 гектар аумақта абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қоғамдық кеңістіктің инфрақұрылымы 246 шамды, 12 спорттық және балалар алаңын қамтиды.
«Көк шалғын» жобасы – жасыл, заманауи әрі жайлы, әр тұрғын мен қонақ үшін ашық жаңа Көкшетаудың символына айналды.

