2025 жылғы 27 тамыз күні Көкшетау қаласында VIII Республикалық ауыл ойындары «Ақ бидай» аясында «Толағай» ұлттық ойындары өтті.
Бұл беделді спорттық додада Жарқайың ауданының намысын атлет-балуандар Роман Гавазюк пен Дәмер Хавдилмалик қорғады. Олар мынадай сайыстарда күшін, төзімділігін және жеңіске деген жігерін көрсетті:
- найза лақтыру
- 100 кг қап көтеру
- 100 кг тасты көтеру және тасымалдау
- 100 кг бөренемен отырып тұру
- 1 тонна жүк тиелген арбаны тарту
Жарыс қорытындысы бойынша Роман Гавазюк күміс жүлдегер атанды, 17 аудан спортшылары арасында өңірімізді лайықты деңгейде танытты! 🥈🔥
Романға лайықты жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта зор табыс, мықты денсаулық және жаңа спорттық биіктер тілейміз!
Подписывайся на наш Телеграм-канал! Будь в курсе новостей!
28 августа 2025 года в городе Кокшетау прошли соревнования по национальным играм «Толағай» в рамках VIII Республиканских сельских игр «Ақ бидай».
Жаркаинский район на этом престижном спортивном форуме представляли атлеты-силачи Роман Гавазюк и Дамер Хавдилмалик. Спортсмены продемонстрировали силу, выносливость и волю к победе в таких испытаниях, как:
- метание копья
- подъём мешка весом 100 кг
- подъём и транспортировка камня весом 100 кг
- приседание с бревном весом 100 кг
- буксировка телеги с грузом 1 тонна
По итогам соревнований Роман Гавазюк стал серебряным призёром, достойно представив наш район среди спортсменов 17 районов области!
Поздравляем Романа с заслуженной победой и желаем дальнейших успехов, крепкого здоровья и новых спортивных вершин!

