29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

«Жігіт сұлтаны»

Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Ақмола облысы мәдениет басқармасының Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы Ақмола облысының 85 жылдығына, Біржан салдың 190 жылдығына, Балуан Шолақтың 160 жылдығына және Рақымжан Қошқарбаев пен Көкен Шәкеевтің 100 жылдығына арналған «Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауын өткізді.

Байқаудың басты мақсаты — ұлттық тәрбие құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпақтың ұлтжандылық сезімін ұштау, ұлттық рухты сіңіру.

Екі кезеңнен тұратын «Жігіт сұлтаны» аймақтық байқауына қатысушылар Ұлы дала серілерінің бойындағы қасиеттерін паш етті.

Аймақтық байқауға Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан және Қосшы, Көкшетау қалаларынан 20-30 жас аралығындағы 13 жігіт қатысты.

​Қатысушылардың өнерін және шеберліктерін анықтау үшін мәдениет және спорт саласы, зиялы қауым өкілдері арасынан қазылар алқасы құрылып, әділ бағаланды.

“Жігіт сұлтаны” аймақтық байқаудың бас жүлдесін Астаналық Әли Ризабек жеңіп алып 500 000 теңге ақшалай сертификатқа ие болды.

Зеренділік Хамза Айдын “Өнерлі жігіт” номинациясы және 300 000 теңге ақшалай сертификат, Тәттімбек Айбек (Егіндікөл ауданы) “Білекті жігіт” номинациясы және 300 000 теңге ақшалай сертификат, Санах Еркебұлан (Егіндікөл ауданы) “Қайсар жігіт” номинациясы және 300 000 теңге ақшалай сертификат, Красный Яр селосынан Ысқақ Айбек “Жігерлі жігіт” номинациясы және 300 000 теңге ақшалай сертификатқа ие болды.

Қалған қатысушылар ұйымдастыру комитетінің дипломдарымен және 100 000 теңге ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Мы в Instagram! Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!