29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан
Воскресенье, 24 ноября

В Кокшетау прошли соревнования по робототехнике

4 апреля в стенах Дворца будущего — Болашақ Сарайы города Кокшетау состоялись захватывающие областные соревнования по робототехнике и программированию R:ED Fest, собравшие 46 команд из всех уголков Акмолинской области. Участники демонстрировали свои навыки в трех категориях: сумо, линия и творческая категория в возрасте от 7 до 17 лет, показывая потрясающие способности своих роботов.

Соревнования организованы при поддержке управления образования Акмолинской области и Дворца Болашақ Сарайы. Это событие стало настоящим праздником инноваций и технического творчества, позволившим ребятам продемонстрировать свои достижения в области робототехники и инженерии.

Каждый участник соревнований продемонстрировал высокий уровень мастерства и креативности, что делает выбор победителей непростой задачей для судей. Борьба в категории сумо отличалась зрелищностью и техническими новшествами, где роботы противостояли друг другу в поединке на выносливость и силу. В категории линия роботы проходили трассы с максимальной точностью и скоростью. А в творческой категории конкурсанты представили оригинальные проекты, демонстрирующие не только технические знания, но и нестандартный подход к решению сложных задач.

Мы выражаем искреннюю благодарность управлению образования Акмолинской области и Дворцу Болашақ Сарайы во главе с Кабдушевой Самал Базарбаевной за возможность провести такое масштабное и значимое для молодежи мероприятие. Спасибо за ваш вклад в развитие науки, техники и образования!

Соревнования по робототехнике в Кокшетау подтвердили, что интерес к робототехнике и технологиям среди молодого поколения Акмолинской области продолжает расти, и мы со всем нетерпением ждем республиканский финал фестиваля R:ED Fest, который пройдет осенью в г.Астана, где ребята раскроют новые таланты и достижения в этой захватывающей области.

Көкшетауда робототехникадан жарыс өтті

4 сәуір күні Көкшетаудағы Болашақ сарайында Ақмола облысының түкпір-түкпірінен келген 46 команданың басын қосқан робототехника мен бағдарламалаудан R:ED Fest облыстық жарысы өтті. 7-17 жас аралығындағы қатысушылар үш санатта, атап айтса, сумо, сызық және шығармашылық сайыста сынға түсіп, өз роботтарының қабілеттерін көрсетті.

Жарыс Ақмола облысы білім беру басқармасы мен Болашақ сарайы қолдауымен өткізілді. Бұл сайыс балалардың робототехника мен инженерия саласындағы жетістіктерін паш етулеріне көмектескен инновация мен техникалық шығармашылықтың нағыз мейрамына айналды.

Сайыстың әрбір қатысушысы асқан шеберлік пен креативтілікті көрсетті, ал бұл өз кезегінде төрешілерге жеңімпаз таңдауда қиындық тудырады. Сумо санатында роботтар бір-бірінің шыдамдылығы мен күшін сынап, сайыс техникалық жаңалықтар мен тамаша көрініске толы болды. Сызық сайысында роботтар трассаны максималды дәлдікпен және жылдамдықпен жүріп өтті. Шығармашылық санатта қатысушылар тек техникалық білімді емес, күрделі тапсырмаларды шешуге деген стандартты емес көзқарасты көрсететін қайталанбас жобаларын ұсынды.

Ақмола облысы білім басқарамасы басшылығына және Кабдушева Самал Базарбаевна басқаратын Болашақ сарайына жастар үшін маңызы зор әрі үлкен ауқымдағы жарысты ұйымдастыруға көмектескендері үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Ғылым, техника мен білім берудің дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін рақмет!

Робототехникадан Көкшетауда өткен жарыс Ақмола облысы жастарының робототехника мен технологияға деген қызығушылығының артып жатқанын көрсетті. Ал біз оқушылардың жаңа таланттары мен бұл саладағы тың жетістіктерін ашатын R:ED Fest фестивалінің осы күзде Астанада өтетін республикалық финалын асыға күтеміз.

Мы в Instagram! Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!