Водителю большегруза, перевозившему 37 голов лошадей, помогли акмолинские полицейские.
Дальнобойщик из Северо-Казахстанской области вез животных в г. Шымкент. Однако на трассе случилась неприятность — топливная система большегруза перемерзла. Стоит отметить, что температура за бортом понизилась до минус 32 градусов.
На помощь водителю и пассажиру пришли сотрудники роты патрульной полиции, заметившие вышедшую из строя фуру на 98 км автодороги «Астана-Петропавловск». 10 января изрядно замерзших мужчин полицейские отвезли на ночлег в ближайшую гостиницу в г. Акколь. Для лошадей, ставших невольными пленниками разбушевавшейся непогоды, при поддержке местных исполнительных органов привезли сено.
11 января т.г. совместно с сотрудниками ДЧС экипажем автопатруля «Бакай 8П2» большегруз отбуксирован в теплый бокс в Шортандинском районе. Благодаря совместным усилиям, люди и животные не пострадали.
Водитель автомашины марки «Scania» поблагодарил полицейских – капитана Илюбаева Азамата, старшего лейтенанта Даниярова Каиржана, лейтенанта Абдукаирова Адилета и сотрудников ДЧС, а также представителей местных исполнительных органов за то, что не оставили его в непростой ситуации на трассе.
_____________________________________
Ақмола полицейлері 37 бас жылқы тасымалдаған ауыр жүк жүргізушісіне көмектесті.
Алыс жол жүргізушісі жануарларды Солтүстік Қазақстан облысынан Шымкент қаласына тасымалдады. Алайда, жолда ауыр жүк көлігінің жанармай жүйесі қатып қалған. Айта кету керек, ауа-райы температурасы минус 32 градусқа дейін төмендеген.
Жүргізуші мен жолаушыға «Астана-Петропавл» автожолының 98 шақырымында істен шыққан фураны байқаған патрульдік полиция ротасының қызметкерлері көмекке келді. 10 қаңтар күні тоңып қалған ер адамдарды полиция қызметкерлері Ақкөл қаласының қонақ үйіне түнеуге апарды. Қолайсыз ауа-райының тұтқынына айналған жылқылар үшін жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен шөп әкелінді.
Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында ТЖД қызметкерлерімен бірге «Бақай 8П2» автопатрулінің экипажы Шортанды ауданындағы алыс жол көлігін жылы боксқа әкелді. Бірлескен күш-жігердің арқасында адамдар мен жануарлар зардап шеккен жоқ.
«Scania» маркалы автокөліктің жүргізушісі полиция қызметкерлеріне – капитан Илюбаев Азаматқа, аға лейтенант Данияров Қайыржанға, лейтенант Абдукаиров Әділетке және ТЖД қызметкерлеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне оны трассада қиын жағдайда қалдырмағаны үшін алғысын білдірді.