29 октября 2023 года - День общенационального траура в Республике Казахстан

14 наурыз – Жерге орналастыру, геодезия және картография күні

14 наурызда Қазақстанда жерге орналастыру, геодезия және картография күні атап өтіледі. Бұл – жер кадастрын жүргізуді қамтамасыз ететін, геодезиялық деректердің дәлдігін сақтауға және жер ресурстарын ұтымды пайдалануға үлес қосатын мамандардың кәсіби мерекесі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері жер кадастры бағыты бойынша қазақстандықтарға 68 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш шамамен 487 мың қызметті құраған. Бұл жер қатынастары саласындағы қызметтерге сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Кәсіби мереке қарсаңында Мемлекеттік корпорация өкілдері «Жерге орналастыру және кадастр: заманауи тәсілдер мен цифрлық құралдар» тақырыбында өткен ғылыми семинарға қатысты. Іс-шара Жер ресурстары, сәулет және дизайн институтында өтті.
Семинар барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Жер кадастры департаментінің өкілдері «Жер кадастрындағы цифрлық технологиялар» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашылар цифрлық жер кадастрын дамыту және «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері туралы айтты.
Заманауи тәсілдер мен цифрлық құралдарды талқылау жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді дамытуға тікелей байланысты. Бүгінде Мемлекеттік корпорация азаматтарға жер кадастры саласы бойынша бірқатар қызмет көрсетеді. Олардың қатарында мемлекеттік жер кадастрынан мәлімет беру, жер учаскелеріне кадастрлық құжаттарды дайындау және жердің кадастрлық құнын анықтау қызметтері бар.
Сонымен қатар жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, жалға алу мерзімін ұзарту және жер учаскелерін сатып алу қызметтері көрсетіледі. 2026 жылдан бастап бұл қызметтер автоматтандырылып, оларды алу үдерісі жеңілдетілді әрі қызмет көрсету мерзімдері қысқартылды.
«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді жетілдіру Мемлекеттік корпорацияның жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Біз қызмет көрсету процестерін тұрақты түрде жақсартып, бірқатар рәсімдерді автоматтандыру және жеңілдету бағытында жұмыс жүргізіп келеміз. Бұл азаматтарға жер учаскелерін рәсімдеу мәселелерін жылдам әрі ыңғайлы шешуге мүмкіндік береді», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Сондай-ақ бүгін Мемлекеттік корпорацияда саланың қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жалпы ел бойынша 209 жер саласының мамандары марапатталды. Атап айтқанда, 21 маман «Құрметті жерге орналастырушы» төсбелгісімен, 19 маман «Үздік жерге орналастырушы» құрмет дипломымен марапатталды, ал 75 маманға Мемлекеттік корпорацияның мерейтойлық медалі табысталды. Сонымен қатар сала өкілдеріне Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрінің атынан алғыс хаттар табысталды.
Мы в Instagram! Подпишись, чтобы быть в курсе новостей!
14 марта в Казахстане отмечается День землеустройства, геодезии и картографии — профессиональный праздник специалистов, обеспечивающих ведение земельного кадастра, точность геодезических данных и рациональное использование земельных ресурсов страны.
Так, по данным Государственной корпорации «Правительство для граждан», с начала 2026 года по линии земельного кадастра казахстанцам оказано порядка 68 тысяч государственных услуг. Для сравнения, в 2025 году было предоставлено порядка 487 тысяч услуг, что свидетельствует о высоком спросе на услуги в сфере земельных отношений.
В преддверии профессионального праздника представители Государственной корпорации приняли участие в научном семинаре на тему «Землеустройство и кадастр: современные подходы и цифровые инструменты». Мероприятие прошло в Институте земельных ресурсов, архитектуры и дизайна.
На семинаре представители Департамента земельного кадастра НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан»» выступили с докладом «Цифровые технологии в земельном кадастре». В ходе выступления специалисты рассказали о развитии цифрового земельного кадастра и возможностях информационной системы «Единый государственный кадастр недвижимости».
Обсуждение современных подходов и цифровых инструментов напрямую связано с развитием государственных услуг в сфере земельных отношений. Сегодня Государственная корпорация оказывает гражданам ряд услуг в сфере земельного кадастра, включая предоставление сведений из государственного земельного кадастра, подготовку кадастровых документов на земельные участки, а также определение кадастровой стоимости земли.
Кроме того, оказываются услуги, связанные с изменением целевого назначения земельных участков, продлением срока аренды и выкупом земельных участков. С 2026 года данные услуги автоматизированы, что позволило упростить процесс их получения и сократить сроки оказания услуг в сфере земельных отношений.
«Развитие государственных услуг в сфере земельных отношений остаётся одним из важных направлений работы Государственной корпорации. Мы последовательно совершенствуем сервисы, автоматизируем процессы и упрощаем процедуры, чтобы граждане могли быстрее и удобнее решать вопросы, связанные с оформлением земельных участков», – отметил Арман Кенжегалиев, Председатель Правления НАО Государственная корпорация «Правительство для граждан».
Также сегодня в Госкорпорации прошло торжественное мероприятие, в ходе которого были награждены сотрудники системы. Всего по стране ведомственными наградами отмечены 209 специалистов отрасли.
В частности, нагрудным знаком «Құрметті жерге орналастырушы» награждён 21 специалист, почётным дипломом «Үздік жерге орналастырушы» — 19 представителей отрасли, юбилейной медалью Госкорпорации — 75. Также вручены благодарственные письма Председателя Правления Госкорпорации и Первого вице-министра индустрии и инфраструктурного развития РК.